logo

Қазақстанда еңбек қауіпсіздігі бойынша оқыту және білімін тексеру жүйесі жаңартылады

03-12-2025 Image for Қазақстанда еңбек қауіпсіздігі бойынша оқыту және білімін тексеру жүйесі жаңартылады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері бойынша қызметкерлерді, басшыларды және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты тұлғаларды оқыту, нұсқаулық өткізу және олардың білімін тексеру қағидалары мен мерзімдеріне өзгерістер енгізбек. Тиісті ведомство басшысының бұйрығының жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Жобада көрсетілгендей, өзгерістер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1019 «Қызметкерлердің, басшылардың және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды, нұсқаулық өткізуді және білімін тексеруді жүргізу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» бұйрығына енгізіледі.

Бұйрық жобасы 2025 жылғы 11 желтоқсанына дейін «Ашық НҚА» интернет-порталында қоғамдық талқылау үшін орналастырылды.